Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен азаматша Д.-ға қатысты іс қаралды.
Анықталғандай, азаматша Д.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлы Н. сыныптасының бет тұсынан бір мәрте теуіп, дене жарақатын салып, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс әрекет жасауына алып келген іс әрекет жасаған.
Яғни, азаматша Д. ұлының тәрбиелеу және білім беру оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекетті жасауына жол берген.
Азаматша Д. сотқа берген түсінігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, енді қайталанбайтынын айтты.
Сот қаулысымен Д. Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 51688 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.