Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен азаматша А.-ға қатысты іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша А.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған баласы Н. бесінші сабақ біткен соң кәмелетке толмаған М.-ны әжетхана ішінде оң жақ бет тұсынан бір мәрте оң қолының жұдырығымен ұрған. Кәмелетке толмаған М.-ға сот медициналық сараптама тағайындалып, оған денсаулығына орта зиян келтірілгені анықталған.
Азаматша А. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.
Сот қаулысына сай азаматша А. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55048 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.