▪️Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 108-1-бабының 1-бөлігі бойынша Б.-ның қылмыстық теріс қылық туралы ісі қаралды.

▪️Сотта анықталғандай, сотталушы Б. жәбірленуші Н-ның бетінен ұрып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

▪️Сотта жәбірленуші Н. сотталушымен өзара татуласқанын, оған қояр талап-тілегі жоқ екенін, оған кешірім беретінін көрсетіп, сотталушыға қатысты істі тоқтатып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұраған.

▪️Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

▪️Сотталушы Б. Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен тоқтатылған.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған