▪️Қазалы аудандық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер Ғ.-дан жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген залалды өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.
▪️Талап қоюшы сотқа жолдаған талап қоюында жауапкерден 2 458 372 теңге мүліктік залалды, бағалау жұмыстарын жұмсалған 150 000 теңге және өкіл көмегіне төленген 100 000 теңгені өндіруді сұраған.
▪️Сот тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен аяқтау жөніндегі құқықтарын түсіндірген. Нәтижесінде, тараптар дау бойынша өзара бітімге келгендерін көрсеткен.
▪️Келісім бойынша жауапкер Ғ. талап қоюшы А.-ға 2 708 372 теңге көлемінде келтірілген залалды қараша айынан бастап, әр айдың 15-нен кешіктірмей 60 000 теңгеден төлеп отыруға міндеттенген, ал талап қоюшы оған келіскен.
▪️Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Қазалы аудандық соты