Бүгінде мас күйінде көлік жүргізушілерге жуапкершілік қатаңдаса да, құқық бұзушылар қатары сейілер емес.

Қармақшы ауданының тұрғыны Қ.есімді азамат «Жалағаш-Қармақшы» тас жолының бойымен автокөлігін алкогольді масаң күйде басқарып, құқық бұзушылық жасаған.

Сот отырысында азамат Қ. кінәсін толық мойындап, өзінің тәрбиесінде 2016 жылы туылған баласы барын, оны жалғыз тәрбиелеп отырғанын көрсетіп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қармақшы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған