▪️Көлікті масаң күйде жүргізген жүргізуші үшін тағайындалатын жаза қаншалықты қатал болса да, ішімдік ішіп көлік жүргізу әрекеті тыйылмай келеді.
▪️Азамат Х. өз басқаруындағы «В» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.
▪️Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен дәлелденген.
▪️Сот қаулысымен Х. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Арал аудандық соты