▪️ «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Жалағаш аудандық сотының сот әкімшісінің басшысы А.Алтынбаев Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

▪️Кездесу барысында сот әкімшісінің басшысы А.Алтынбаев баяндама жасап, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ лудомания, интернет алаяқтық және нашақорлық сияқты өзекті мәселелерге тоқталып, олардың салдары жөнінде түсіндірме берді.

▪️Сонымен бірге, студенттердің заң талаптарын білуі және құқыққа қайшы әрекеттерден аулақ болуы қажеттілігі жөнінде атап өтті.

▪️Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісіп, талқылауға белсенді қатысты.

Жалағаш аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған