▪️Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Іс құжаттарынан анықталғандай, азамат Т. азамат И.-дің тұрғылықты мекен-жайына барып, оған тиесілі автокөлігінің дөңгелегін үшкір затпен жарып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіріп, мүліктік шығын келтірген.
▪️Сот отырысында азамат Т.өз әрекетін мойындап, масаң күйде болғанын, кешірім сұрайтынын көрсетті.
▪️Сот қаулысымен азамат Т. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.
Жалағаш аудандық соты