▪️Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 200-бабы 3-бөлігі бойынша азаматша Г.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

▪️Жеке кәсіпкер Г. Жалағаш кентінде орналасқан дүкенде алкоголь өнімін сағат 23:00-ден келесі күнгі сағат 08:00-ге дейін бөлшек сауда арқылы сатып, Қазақстан Республикасының алкоголь өнімдерін өткізу, сату жөніндегі талаптарын бұзған.

▪️Сотта жеке кәсіпкер Г. кінәсін мойындап, кешірім сұрайтынын айтып көрсетті.

▪️Сонымен қатар, оның әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, және іске тіркелген түсініктемелерімен дәлелденіп бекітілді.

▪️Сот қаулысымен Г. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, лицензиясының қолданысы 1 ай мерзімге тоқтатылып, оған 110 096 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Жалағаш аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған