▪️ Сырдария аудандық сотында азамат Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️ Анықталғандай, азамат Ж. алкогольдік
мас күйінде жұбайы Ш.-ға былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы тұлғаға сыйламаушылық көрсетіп, оның киімдерін өртеп, бүлдірген.
▪️ Жәбірленуші Ш. сотта Ж.-ның алкогольдік ішімдік ішіп, отбасының мазасын алғанын, былапыт сөйлеп, киімдерін бүлдіргенін, оған кешірім бермейтінін көрсетті.
▪️ Сот отырысында Ж.-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, іс құжаттарымен бекітілген.
▪️ Сот қаулысымен Ж. ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
▪️ Сонымен бірге, Ж.-ның мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленді.
Сырдария аудандық соты