▪️Қазалы аудандық сотында азаматша Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Ж. мейрамхананың асханасында жәбірленуші Н.-ға былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзған.
▪️Сотта азаматша Ж. жәбірленуші Н. оған ұзақ уақыттан бері қарыз ақшасын қайтармай, хабарламаларына жауап бермей жүргенін көрсеткен.
▪️Сот іс құжаттарын зерделей келе, азаматша Ж.-ға 55 048 теңге әкімшілік айыппұл тағайындады.
Қазалы аудандық соты