▪️Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 4-бөлігімен азаматша Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Азаматша Н. жәбірленуші Д.-ның есігін қағып, айқай-шу шығарып, есігін ашпаған соң, тұрғын үй терезесінің екі әйнегін сындырып, тұрғын үй мүлкіне залал келтіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.
▪️Сот отырысында Н. кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдіріп, алдағы уақытта қайталанбайтынын жеткізді.
▪️Сотта жәбірленуші Д. оқиғаны қуаттап, қазіргі таңда үйінің терезесі әлі қалпына келтірілмегенін көрсетіп, Н.-ға заң бойынша тиісті шара көруді сұрады.
▪️Азаматша Н.-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және істің басқа да құжаттарымен бекітілген.
▪️Қазалы аудандық сотының қаулысымен азаматша Н. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 137 620 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қазалы аудандық соты