Азамат С. әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, ішімдік ішкен масаң күйде әкесі А.-ға қарсы былапыт сөйлеп, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерiнсіз отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.
Сот отырысында С. өз кінәсін мойындап, сыйламаушылық білдіргенін, жасаған әрекетіне өкінішін білдірді.
Азамат С. әрекеті кінәсін мойындау түсініктемесімен, жәбірленушінің арызы және түсініктемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және істің басқа да құжаттарымен бекітілген.
С. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты