Кассациялық соттың негізгі міндеті – сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірілуінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Кассациялық сот – сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің бір түрі. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүмкін болады. Кассациялық сатыдағы сот шешімдердегі нормалардың сақталуын тексеруге баса назар аударады.
Кассациялық сот заң тәжірибесінде маңызды рөл атқарады және құқықтық жүйенің дамуына ықпал етеді. Оның шешімдері қоғамдағы дауларды шешуде өте маңызды. Мұндай сот жалпы юрисдикциядағы соттар жүйесінде соңғы шешуші инстанция ретінде әрекет етеді. Бұл істі кассациялық сотта қарағаннан кейін шешімге шағымдануға мүмкіндік жоқ деген сөз. Сондықтан кассациялық соттың шешімі түпкілікті және міндетті болып табылады.
Кассациялық сатыдағы сот бірыңғай заң тәжірибесі мен сот практикасын қалыптастыруда маңызы зор. Кассация біркелкі нормаларды белгілеуге, заңнаманы түсіндіруге және үйлестіруге, сондай-ақ кейінгі істер мен сот шешімдеріне үлгі болатын жаңа прецеденттерді жасауға әсер етеді.
Кассациялық сот шешімдерінің жалпы заң тәжірибиесінің дамуына орны ерекше. Бұның өзі дауларды тиімдірек шешуге және сот ісін жүргізудің талаптарын сақтауға мүмкіндік береді.
Кассациялық сот сот жүйесін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады.
С.Сержанов,
Шиелі аудандық соты әкімшісінің басшысы