Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабымен азаматша Т.-ға қатысты іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес,азаматша Т.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлы Р. 20.06.2024 жылы сағат 14:00 шамасында Қызылорда қаласы, Камалов көшесі бойында полиция қызметкерін қоғамдық орында балағаттаған.
Азаматша Т. сотта берген түсінігінде хаттамамен келісетінін, алдағы уақытта бұл жағдай қайталанбайтынын, соттан және инспектордан кешірім сұрайтынын көрсетті.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 293-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.
Сот қаулысына сай азаматша Т. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған 18091 теңге көлемінде мемлекет пайдасына айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты