Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен азаматша К.-ға қатысты іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша К.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлы Н. сағат 22:00 шамасында Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Ш.Есенов көшесінде көлік құралын басқару құқығы жоқ күйінде автокөлік басқарып, қозғалыс бастау барысында бағыттас алдында тұрған автокөлікке соқтығысып, материалдық шығын келтірген.
Азаматша К. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.
Сот қаулысына сай азаматша К. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55048 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты