Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596 бабының 3 бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат А. 2025 жылғы 31 мамыр сағат 13:45 минут шамасында «Шымкент-Қызылорда-Қарабұтақ» тас жолының 1645 шақырымында, көлік құралын үздіксіз жалпақ сызықты басып жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған 3.20 жол белгісімен белгіленген басып озуға тыйым салынғанына қарамастан жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып басқарған.
Сот отырысында құқық бұзушы өзінің кінәсін толығымен мойындады.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Қармақшы аудандық соты