Арал аудандық сотында азамат Е-ге қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Жол жүрісі қағидаларына сәйкес, төрт немесе одан да көп жолағы бар екіжақты жүру жолдарында жолдың қарсы жүруге арналған жағына шығуға тыйым салынады.
Алайда, Е. автокөлігін жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып басқарған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Е. аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.
Арал аудандық соты