Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сай, азамат Е. сағат 02:30 шамасында өз басқаруындағы көлік құралын алкогольдік мас күйінде тізгіндеген.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Е. кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Қазалы аудандық соты