Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының3-бөлігімен азаматша А.-ға қатысты іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша А. 03.10.2011 жылғы кәмелетке толмаған ұлы Н. 15.04.2025 жылы сағат 14:00 шамасында Сұлутөбе ауылы маңында көлік құралын басқаруға құқығы жоқ күйінде басқарған.
Яғни, ата-ананың міндеті кәмелеттік жасқа толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, ұлының әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекетке баруына жол берген.
Сот қаулысына сай азаматша А. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55048 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты