Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен азаматша К.-ға қатысты іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша К.-ның кәмелетке толмаған ұлы Т. түнгі сағат 01:00 шамасында Қызылорда қаласы, сауда үйінің жанында, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкен. Яғни, ата-анасы міндетін орындамай кәмелеттік жасқа толмаған баласының алкогольдік ішімдік ішуіне жол берген.
Сот қаулысына сай азаматша К.Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55048 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты