Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Сақтандыру  жағдайларын жеңілдетілген тәртіппен реттеу, яғни – Еурохаттама рәсімі туралы» семинар өтті.

Шараға аудандық соттың төраға міндетін атқарушы Э.Рыскулов, судьясы  Б.Пазылов, аудан прокурорының көмекшісі Қ.Үпілмәлік, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ш.Караматов, заң кеңес беру бөлімінің адвокаттары Қ.Төлепбергенов, А.Сансызбаев және аудандық өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Алданазар қатысты.

Төрағалық етуші Э.Рыскулов семинарды ашық деп жариялап, аталған тақырып бойынша баяндама оқу үшін аудандық соттың жетекші маманы Н.Камалға сөз берді.

     Ол баяндамасында, 2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап сақтандыру жағдайларын жеңілдетілген тәртіппен реттеу, яғни – Еурохаттама рәсімі енгізілгенін, «Еврохаттама» пайдаланушыға жол полициясының қатысуынсыз, кінәлі мен залал мөлшері айқын болған ауыр емес апаттар жағдайында ЖКО ресімдеу мүмкіндігін береді. Қосымшаны App Store немесе Google Play дүкенінен жүктей отырып, сақтандыру жағдайын жеке тұлғаға да, заңды тұлғаға да, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне де дербес ресімдеуге болатынын және Еурохаттама қандай жағдайларда қолданылатыны жайлы түсіндірді.

Өз кезегінде аудандық соттың төраға міндетін атқарушы Э.Рыскулов жыл басынан бастап сақтандыру жағдайларын жеңілдетілген тәртіппен реттеу, яғни – Еурохаттама рәсімі енгізілгенін, яғни, мардымсыз жол-көлік оқиғалары  болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын ресімдей алатынын, себебі тараптар қаулыны заңды күшіне енуін күтпей сақтандыру жарнасын алуды көздейтінін, егерде Еурохаттама рәсімі дұрыс деңгейде жүретін болса  аталған баппен сотқа түсетін істер саны да кемитінін, сондықтан халық арасында түсіндірмелер жүргізу керек екенін айтып өтті.

Шара барысында қатысушылар  жаңа заңнама аясында туындаған сұрақтарын ортаға салып, өзара пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап алды. Семинарды қорытындылап, қатысушыларға алдағы уақытта осы  бағытта азаматтарға түсіндірме жұмыстарын  жүргізуді жалғастыру қажет екендігін айтты.

Жаңақорған аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған