Сотталушы Н. үйінен шығып, су қоймасына қарай балық аулау үшін барған.
Балық аулап жүріп, сотталушы жыңғылдардың арасынан 1 дана дәптер парағының жыртынды орамындағы затты тауып алып, дәптер парағына оралған затты ашып көріп, есірткі заты екеніне көзі жеткізіп, қалтасына салып алған.
Сол күні сағат жалғыз өзі Қызылорда қаласында көше бойымен балықтан жаяу қайтып келе жатқан сәтінде полиция қызметкерлері тоқтатып, «Қарасора-2025» іс-шарасы жүріп жатқанын айтып, заңға қайшы заттың жоқтығын анықтау кезінде сотталушы шалбарының қалтасында 1 дана дәптер парағының жыртынды орамындағы есірткі заты екенін айтқан.
Сараптама қортындысы бойынша табылған зат 1,22 грамм кептірілген марихуана екені анықталған. Осылайша, сотталушы Н. есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтағаны анықталған.
Сотталушы Н. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.
Қызылорда қаласының №2 соты