Шиелі аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 669-б. 1-б. бойынша азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

2018 жылы сот қаулысымен азамат Т.-дан кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент өндірілген. Алайда ер адам алимент төлеуден жалтарып, 2024 жылғы тамызыңда оның берешегі 3 млн.теңгеден асқан.

Құқық бұзушының міндеттемелерін орындамауы мен әрекетсіздігі істі сотта қарау қажеттілігіне әкелген.

Сотта азамат Т. өзінің кінәсін толық мойындап,  тұрақты жұмысының болмауына байланысты алимент төлемегенін, ал сот орындаушы ұсынған жұмыстар жалақысы төмендігіне орай  қызықтырмағанын түсіндірді.  

ӘҚБтК 669-б. 1-б. санкциясымен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.

Сот қаулысымен азамат Т. ӘҚБтК 669-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылды және оған 3 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Шиелі аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған