▪️ «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Байқоңыр қалалық сотының қатысуымен мектеп оқушылары арасында дебат турнирі өткізілді.
▪️Аталған шараға Байқоңыр қалалық соты әкімшісінің басшысы Ж.Тажимбетова қатысты.
▪️Турнир барысында оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті арттыру бағытында өз ойларын ортаға салып, дәлелді пікірлерімен ерекшеленді.
▪️Дебат турнирінің қорытындысы бойынша үздік шыққан оқушыларға Байқоңыр қалалық соты атынан алғыс хаты және сыйлықтар табысталды.
Байқоңыр қалалық соты