Сотқа жүгінген дау тараптарының дауды келісіммен шешулеріне нақты мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін  азаматтық процестік заңнамада дауларды шешудің балама түрлері қарастырылған, олар  Азаматтық процестік кодексінің 17 тарауында келтірілген «Татуластыру рәсімдері».

Осының негізінде тараптардың ымыраға келуі арқылы азаматтық істердің медиация тәртібімен тоқтатылу рәсімдері жиі кездеседі.

Мәселен, өткен аптада аудандық сотта жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген мүліктік зиянды өндіру туралы, қарыз ақша өндіру туралы 3 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылса, несие қарыздарын өндіру туралы 3 талап қою тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен реттелген.

Сондай-ақ, бұлардан бөлек, жер мәселесіне қатысты 1 әкімшілік іс медиация тәртібімен аяқталса, ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен қаралған 1 қылмыстық іс тараптардың татуласуларына байланысты тоқтатылған.

Осылайша тараптар істі бітіммен аяқтап, ұзақ уақытқа созылатын сот процестерінен құтылып, уақыттарын, қаражаттарын және бір-біріне деген бұрыңғы қарым-қатынастарын сақтап қалды. Бұл жоғарыда аталған татуластыру рәсімдерінің қажеттілігі мен тиімділігін аңғартса керек.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған