▪️Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы «К.» АҚ.-ның жауапкерлер Н. және Б.-дан 1 302 546 теңге берешекті өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.
▪️Тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы шартын сотқа ұсынып, сот медиациясы арқылы дау бойынша медиация тәртібімен бітімгершілікке келгендерін көрсетіп, араларындағы келісімді бекітуді сұрады.
▪️Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкерлер талап қоюшының пайдасына 2027 жылғы 30 сәуірге дейін ай сайын 81 414 теңгеден төлеуге міндеттенген.
▪️Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Байқоңыр қалалық соты