▪️Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы И.-дың жауапкер Ж.-дан жол-көлік оқиғасынан келген 1 300 000 теңге материалдық залалды өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.
▪️Тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен реттеу жөніндегі құқықтары түсіндірілді. Нәтижесінде, тараптар дау бойынша өзара келісімге келіп, жауапкер талап қоюшының пайдасына залалды толығымен өтеген.
▪️Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Байқоңыр қалалық соты