▪️Байқоңыр қалалық сотында «Тергеу судьясының өкілеттіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
▪️Дөңгелек үстелге сот төрағасы Ж.Үсен, қалалық соттың судьялары Б.Абубакирова, А.Казкенов, Байқоңыр қаласы прокурорының орынбасары А.Жаппасбаев, ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері қатысты.
▪️Сот төрағасы Ж.Үсен дөңгелек үстел барысында көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығын тілге тиек етіп, тергеу судьяларының қылмыстық процестегі рөлін атап өтіп, олардың өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттарына тоқталды.
▪️Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасты.
Байқоңыр қалалық соты