▪️ Жаңақорған аудандық сотында «Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгінуі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
▪️ Шараға аудандық соттың судьялары, сот әкімшісінің басшысы және адвокаттар қатысты.
▪️ Дөңгелек үстел барысында судья Э.Рысқұлов баяндама жасап, «Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгінуі туралы» нұсқаулық Қазақстан Республикасы соттарының шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмек көрсетуі және құқықтық көмекпен жүгінуі туралы, оның тәртібін нақтылайтынын айтып өтті.
▪️ Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, түрлі құқықтық мәселелерді талқылады.
Жаңақорған аудандық соты