Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Тергеу судьясының өкілеттіктері: қылмыстық процестегі сот бақылауы мен құқықтық кепілдіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Оған Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьялары, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы мен судьялары, облыстық және қалалық прокуратура өкілдері, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, облыстық полиция департаменті мен қалалық полиция басқармасының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Қ.Абдуллаев көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Ғ.Чингисов «Тергеу судьясының қылмыстық процестегі рөлі, сот бақылауының мәні мен түрлері (санкция беру, тергеу әрекеттерін бақылау), құқық қорғау органдарының өтініш хаттарын қарау тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасап, бірқатар маңызды мәселелерді атап өтті.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі