Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы М.-ға қатысты (Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189-бабының 4  бөлігінің 2 тармағы бойынша) қылмыстық  іс  қаралды.  

      Қылмыстық іс 7 эпизодты, сотталушы мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам бола тұра, өзiнiң қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп  жымқырған.

     Сотталушы М. зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімінің бас маманы қызметін атқара жүріп, қызмет бабын пайдаланып, өзінің шотына  2018-2024 жылдар аралығында бюджет қаражатын заңсыз аударып алып, жеке бас пайдасына жаратып, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірген.

      Сотталушының қылмыстық әрекеттерінен мемлекетке жалпы 24,7 миллион  теңгедан  астам  мүліктік  залал  келген.

     Сот отырысында сотталушы М.  өзіне тағылған айыпты мойындап, өз әрекетіне өкінетінін көрсетіп, асырауында кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, бас бостандығынан айыруыға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

     Жәбірленуші өкілі сотталушы шығынды толық өтегенін және басқа талабы жоқ екенін көрсетті.

     Сот үкімен сотталушы М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2)-тармағымен кінәлі деп танылып, оны мүлкін тәркілеусіз, белгілі бер лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6  жыл мерзімгебас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігі қолданылып, он төрт жасқа толмаған баласы бар әйел ретінде жазасын орындау бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылып, пробациялық бақылау белгіленді.

       Қызылорда  қаласының  №2 соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған