▪️Қармақшы аудандық сотында сот актісін орындамағаны үшін Д.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Сот отырысында Д.-ның сот актісі бойынша борышкер бола тұра, өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамағаны, алимент бойынша қарызы 2 085 661 теңгені құрағаны анықталған. Борышкер бірнеше рет жасалған ескертулерге қарамастан, ол бойынша ешқандай шаралар қабылдамаған.
▪️Сот қаулысымен Д. ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 15 137 теңге айыппұл салынды.
Қармақшы аудандық соты