Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бір аптаның ішінде 4 азаматтық іс медиативтік келісіммен аяқталды. Оның ішінде 2 іс баламен кездесу уақытын белгілеу және 2 іс алимент мөлшерін азайту санатындағы азаматтық істер.
Татуластырушы-судья тараптармен істі қарау барысында, оларға талап қоюды татуластыру рәсімдері бойынша шешуді ұсынып, медиативтік келісім жасаудың артықшылықтары мен салдарын түсіндірген. Нәтижесінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Жауапкерлер медиативтік келісімдерде көрсетілген кездесу кестесіне сәйкес, балаларын көрсетіп тұруға міндеттенсе, алимент мөлшерін азайтуға келіссе, талап қоюшылар қойып отырған талаптарынан бас тартты.
Сот ұйғарымдарымен медиативтік келісімдер бекітіліп, істер бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымдары талап қоюшыларға кері қайтарылды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты