Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен, 611-бабының 2-бөлігімен, 610-бабының 1-бөлігімен, 590-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

Құқық бұзушы А. өзінің басқаруындағы автокөлігімен Жаңақорған ауданы «Самара-Шымкент» тас жолы бойында полиция органы қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған, артынша қашу барысында жолдың қарама қарсы жүру бағытына шығып автокөлігін басқарып, Жаңақорған ауданы Кыраш ауылының кіреберісіндегі бағанаға соғып, жол көлік оқиғасын жасап, өзі қатысушысы болып табылатын жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны анықталды.

Сотта құқық бұзушы Ж. кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетеріне өкінетінін көрсетті.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы Ж. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабының 1-бөлігімен, кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік әкімшілік қамаққа алынды, 611-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, 596-бабының 3-бөлігімен, 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып,  6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жаңақорған аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған