Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Анықталғаны:
Жәбірленуші А. азаматтық некедегі күйеуі сотталушы Ж.-ның ұялы телефонына тіркелген абоненттік нөмірін алып, өзінің телефонына салып, сол кезде белгісіз әйелмен сөйлескенін оқып, қызғанышпен азаматтық некедегі күйеуіне смс-хаттарды көрсетіп, араларында жанжал туған.
Осы сәтте сотталушы жәбірленушіні балағаттап, жұлқылап, бірнеше рет аяусыз, аса қатыгездікпен ұрып-соғып, еденге құлатып, басынан шыны бөтелкемен ұрып, оның ұялы телефонын алып қойған.
Жәбірленуші өміріне қауіп төніп тұрғанын және әрі қарай өмір сүру мүмкіндігінен айырылып қалуын сезініп, азаматтық некедегі күйеуінің ұрып-соғу әрекеттерінен құтылу мақсатында қонақ бөлмедегі лоджиядан өз еркімен секірген. Нәтижесінде, жәбірленуші А.-ның денсаулығына «ауыр» дәрежелі зиян келіп, І-топ мүгедектігі тағайындалған.
Сот қорытындысы немен бекітіледі :
Сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамады.
2022 жылғы сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес жәбірленушінің денсаулығына «ауыр» дәрежедегі зиян, ал 2024 жылғы қосымша сараптама қорытындысына сәйкес, жеңіл дәрежедегі зиян келгені бекітілген.
Жәбірленуші А. заң шеңберінде қатаң жаза тағайындауды, материалдық шығын 5 000 000 теңге және моралдық шығын 100 000 000 теңге өндіруді сұраған.
Сот үкімі бойынша:
Сотталушы А. ҚК-нің 105-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде өтеуге белгіленді, ҚК-нің 49-бабы негізінде «майор» шенінен айыруға деп тағайындалды.
Азаматтық талап бойынша материалдық шығын 4 054 181 теңге және моралдық шығын 5 000 000 теңге өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда қаласының №2 соты