Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Азаматтық құқық және процесс» секциясы бойынша семинар өткізілді.

Семинарға облыстық соттың судьялары, қалалық соттардың судьялары, аудандық соттардың судьялары бейнебайланыс жүйесі арқылы қатысты.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Е.Турбаев семинарды ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, талқыланатын мәселелердің өзектілігін атап өтті.

Қызылорда облысының мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Н.Еламанов талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың уақтылы және дұрыс қабылдануы, талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау, талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы шешімдердің негізділігі туралы баяндама жасап, сот тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған