Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, бүгін Қызылорда облыстық сотында салтанатты шара өткізілді.
Шараны Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Бекжанов ашып, 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанын, биыл Ата Заңға 30 жыл толып отырғанын, тарихи құжат еліміздің демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына зор үлес қосып, даму жолын айқындағанын атап өтті.
Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібеков өз сөзінде Конституцияның негізінде елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнығып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қамтамасыз етілгеніне тоқталды.
Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысының міндетін атқарушы М.Асанова «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы» тақырыбында баяндама жасап, сот ұжымын айтулы мерекемен құттықтады.
Шара барысында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Жаппасбаев Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Үш би» төсбелгісімен, Қызылорда облыстық сотының судьясы Б.Қалымбет «Судьялар одағының құрметті мүшесі» төсбелгісімен, Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы К.Еспенбетова «Жеті жарғы» төсбелгісімен, Қармақшы аудандық сотының бас маманы Р.Бисенова «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, бірқатар соттардың төрағалары, судьялары мен мамандарына ҚР Судьялар Одағының Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттары, Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі