Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Қармақшы аудандық сотында «Ата заңым – алтын тұғырым» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға сот әкімшісінің басшысы Е.Мәтжанов және сот мамандары қатысты.

Семинарды сот әкімшісінің басшысы Е.Мәтжанов ашып, Конституция – мемлекетіміздің дамуын және құқықтық жүйенің орнығуын қамтамасыз ететін негізгі құқықтық құжат екенін, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғайтынын атап өтіп, Ата Заң еліміздің тұрақтылығы мен бірлігінің кепілі екеніне тоқталды.

Бас маман-сот отырысының хатшысы Т.Әмір өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихы және енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, Конституцияның қоғамдағы рөлі жайлы айтып өтті.

Семинар соңында қатысушылар Конституцияны құрметтеу мен оны терең түсіну, азаматтық жауапкершілікті арттыру туралы өзара пікір алмасты.

Қармақшы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған