▪️Қазалы аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
▪️Семинарға аудандық сот әкімшісінің басшысы А.Арғынұлы және сот мамандары қатысты.
▪️Семинар барысында бас маман-сот отырысының хатшысы Ж.Қонысбаева мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы тақырыбында баяндама жасап, мемлекеттік қызметші жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдеп нормаларын ұстанып, қарапайымдылық танытып, қызметтік жағдайын асыра пайдалануға және заң талаптарын бұзуға жол бермей, сыбайлас жемқорлық көріністерінен аулақ болу керектігін семинар қатысушыларының назарына жеткізді.
▪️Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қазалы аудандық соты