Қарттар күні – мейірім мен шуаққа толы айтулы күн. Өскелең ұрпақ үшін әр салада өзіндік қолтаңбасын қалдырған көнекөз қарияларымыздың орны ерекше.

Айтулы мерекеде Шиелі аудандық сотының төрағасы Н.Бекетаев сот жүйесінің ардагері Баймағамбет Тұрмат Сабекұлын қарттар күнімен құттықтап, мерекелік сыйлық табыстап, сот жүйесіндегі соңғы жаңалықтармен бөлісті.

Сонымен қатар, Қазалы аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагерлерінің үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық тілеп, мерекелік сый-сияпат  тарту етті.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған