Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 283-1-бабы 5-бөлігі бойынша құқық бұзушы И.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Құқық бұзушы И. кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын азық-түлік дүкенінде тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарсыз жалпы саны 80 дана сыра – алкоголь өнімдерін сақтап, айналымын жүзеге асырған.
Жауапты мекеме тарапынан жүргізілген тексеріс барысында анықталған әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылып, жауапкершіліке тарту үшін сотқа жолданған.
Құқық бұзушы И. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, алкоголь өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарсыз сақтап, сатқандығын мойындайтынын, жасаған әрекетке өкінетінін айтқан.
Сот қаулысымен құқық бұзушы И. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын жалпы саны 80 дана сыра – алкоголь өнімдері мемлекет кірісіне тәркілене отырып, 129 220 теңге айыппұл салынды.
Сырдария аудандық соты