Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 200-бабы 3-бөлігімен азаматша М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Жеке кәсіпкер М. өзінің мекен-жайда орналасқан дүкенінде этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21:00-ден келесі күнгі сағат 12:00-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзуге болмайтынын біле тұра, 2025 жылғы 17 маусым күні 22 сағат 30 минут шамасында азамат С.-ға 1 дана алкоголь өнімін сатқаны анықталды.

Сотта М. кінәсін мойындап, істеген іс-әрекетіне шын жүректен өкінетіндігін, енді мұндай жағдайлар қайталанбайтынын көрсеткен.

Сонымен қатар, оның әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, заттай дәлелдеме ретінде тану және оны іске қосу туралы ұйғарыммен және іске тіркелген түсініктемелерімен дәлелденіп бекітілді.

Сот қаулысымен ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оның лицензиясының қолданысын 1 ай мерзімге тоқтатып, оған 110 096 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Жаңақорған аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған