Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы Қ.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы Қ. Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының 2022 жылы 25 қаңтардағы өндіріп алушы Д.-ның пайдасына 17.01.2022 жылдан бастап ай – сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жалақысынан және  өзге де кірісінен алимент өндіру туралы берілген атқару құжатын орындамай, 1 098 903 теңге көлемінде берешегі жинақталған.

Құқық бұзушы Қ. сот актісінің қабылданғанын білетінін,  2022 жылы жұмыстан шығып қалғаннан кейін алиментті төлей алмағанын, алдағы уақытта алиментті уақытылы төлеп отыратынын, жасаған әрекетіне шын ниетпен өкінетінін көрсетті.

Құқық бұзушы Қ. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған18460 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған