Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 139-бабымен сотталушы Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Н. сот бұйрығына сәйкес, жәбірленуші Г.-ның пайдасына балаларын асырап-бағу үшін кәмелетке толғанша барлық айлық және өзге табысының ½ бөлігінің мөлшерінде алимент төлеуге міндетті болған.   

Жеке сот орындаушының «Алимент бойынша берешегін анықтау туралы» қаулысы бойынша сотталушы Н.-ның алимент төлеуден жалтаруы нәтижесінде 11 467 487 теңге қарызы қалыптасып, яғни кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін орындамаған.

Сотталушының кінәсі іс құжаттарымен және өзінің жауабымен толық дәлелденген. Қылмыстық заңнамаға сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық әрекеті онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады.

Сот үкімімен Н. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып,  сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп және жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылды.   

Сотталған Н.-дан жәбірленушілерге төленетін өтемақы қорынының пайдасына 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 36920 теңге мәжбүрлі төлем өндірілді.  

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған