Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы 1-бөлігі бойынша Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Алимент өндіру туралы сот бұйрығына сәйкес, борышкер Ж. өндіріп алушы М.-ның пайдасына алимент төлеуге міндетті болған.

Қазіргі кезде алимент бойынша берешегі 503 750 теңгені құраған.

Атқарушылық іс жүргізу барысында жауапкердің мүліктік жағдайы тексеріліп, Ж.-ның атына тіркелген мүліктері анықталмаған.

Жеке сот орындаушы оған бірнеше рет сот шешімін орындау туралы хабарлап, түсініктер мен міндеттемелер алған. Алайда, Ж. сот бұйрығын орындамаған.

Сот отырысында Ж. кінәсін мойындап, қоғамдық жұмысқа тартуды сұраған.

Сот қаулысымен Ж. ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігінде көзделген баппен кінәлі деп танылып, 10 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған