Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669-бабы 1-бөлігі бойынша Т.-ға қатысты іс қаралды.
Алимент өндіру туралы сот бұйрығына сәйкес, жауапкер Т. талап қоюшы Г.-ның пайдасына алимент төлеуге міндетті болған.
Қазіргі кезде Т.-ның алимент бойынша берешегі 1 410 500 теңгені құраған.
Атқарушылық іс жүргізу барысында жауапкердің мүліктік жағдайы тексеріліп, жауапкер А.-ның атына тіркелген мүліктері анықталмаған.
Жеке сот орындаушы жауапкерге бірнеше рет сот актісін орындау туралы хабарлап, түсініктер мен міндеттемелер алған. Алайда, жауапкер Т. сот актісін орындамаған.
Сотта Т. жұмысы болмауына байланысты алиментті төлей алмағанын, алдағы уақытта төлеп құтылатынын көрсеткен.
Сот қаулысымен Т. ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Байқоңыр қалалық соты