Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, Қызылорда қалалық сотында «Болашақ» университетінің заң факультетінің студенттерімен танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Шараға Қызылорда қалалық сотының судьясы К.Сәдуақасова қатысып, болашақ заңгерлерге сот жүйесінің қызметі туралы айтып өтті.

Кездесу барысында судья студенттерге сот отырысының регламенті, жүргізілу тәртібі, соттағы тәртіп пен этика, заманауи сот ісін жүргізуде қолданылатын цифрлық технологиялар мен олардың артықшылықтары туралы жан-жақты түсініктеме берді.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

Кездесу соңында студенттер ұйымдастырушыларға пайдалы әрі қызықты шараны ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді.

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған