Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігімен құқық бұзушы азамат К.-ға қатысты іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К. үйіне алкогольдік мас күйінде келіп, әйелі Б.-ның мазасын алып, сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөздер айтып, отбасы тыныштығын бұзған, бұл әрекетті әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш рет қайталап жасаған.

Сотта құқық бұзушы К. кінәсін мойындап, енді мұндай әрекеттерді қайталамайтынын айтып, кешірім сұрады.

Сотта жәбірленуші әйелі Б. оқиғаны растап, күйеуіне кешірім беретінін көрсетті.

Құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, ол 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қазалы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған