Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі азаматтарды мерзімді әскери қызметті Айрықша мақсаттағы күштер қатарында атқаруға шақырады.
Айрықша мақсаттағы күштер мемлекеттік протоколдық іс-шаралардың рәсімдік бөлігін атқару, күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қорғау, ҚР Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы эталондарын қорғау секілді ерекше міндеттерді атқарады.


Айрықша мақсаттағы күштер қатарына қабылданғандар мерзімді қызметті Астана қаласындағы “Айбын”
президенттік полкі” 0112 әскери бөлімінде атқарады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері қатарында мерзімді әскери қызмет атқару туралы ақпарат алу үшін жергілікті қорғаныс істері жөніндегі департаментке (басқармаға, бөлімге) хабарласыңыз.
(Күзгі шақырылым бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен 10 қазанына дейін).

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған